Тәжірибелік сабақ № 4. «Сөздің лексикалық мағынасының түрлері»
Сауалнама:
- Сөздің лексикалық мағынасы және оны топтастыру мәселесі
- Сөздің лексикалық мағынасының түрлері
Тапсырма:
- Сөздің лексикалық мағынасы және оны топтастыру мәселесіне сипаттама беріңіз.
- Сөздің шындық болмысқа қатысына қарай мағыналарды топтастырыңыз.
- Сөздің шығу тегіне байланысты қандай мағыналары бар екенін анықтаңыз.
- Сөздің тіркесу сипатына байланысты мағыналарға сипаттама беріңіз.
- Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты мағыналарға сипаттама беріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: Практикалық сабаққа дайындалуда дәріс тезистерін мұқият қайталап оқумен қатар, көрсетілген әдебиеттермен танысып шығу пайдалы. Оқытушының нұсқаған материалдарын мұқият оқып шығып, қажетті конспект жасау керек.
Практикалық сабақтың сұрақтарына толық жауаптар дайындап, эссе жазып, оқытушының электрон поштасына жіберуі тиіс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1979.
- Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазақ тілінің этимологиясы. Алматы, Мектеп, 1998.
- Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 2003.
- Айғабылұлы А.Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 2013.
- Сарекенова Қ.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Астана, 2010.
(Оқытушының электрон. поштасы: bibatpa.koshimova@yu.edu.kz)