Артқа
Алға
Тәжірибелік сабақ № 3. «Сөз мағынасының дамуы»
Сауалнама:
- Сөз мағынасының кеңеюі
- Сөз мағынасының тарылуы
- Сөз мағынасының ауысу жолдары
Тапсырма:
- Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуына сипаттама беріңіз
- Сөз мағынасының ауысу тәсілдерін атаңыз.
- Метафора және оның тілдік табиғатын сипаттаңыз.
- Метонимия және оның тілдік табиғатын сипаттаңыз.
- Синекдоха және оның тілдік сипатын анықтаңыз.
Әдістемелік нұсқаулар: Практикалық сабаққа дайындалуда дәріс тезистерін мұқият қайталап оқумен қатар, көрсетілген әдебиеттермен танысып шығу пайдалы. Оқытушының нұсқаған материалдарын мұқият оқып шығып, қажетті конспект жасау керек.
Практикалық сабақтың сұрақтарына толық жауаптар дайындап, эссе жазып, оқытушының электрон поштасына жіберуі тиіс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Аханов К. Тіл білімінің негіздері, Алматы, 1993.
- Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 2003.
- Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 2013.
- Сарекенова Қ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Астана, 2010
(Оқытушының электрон. поштасы: bibatpa.koshimova@yu.edu.kz)